#Байзақ: БАС ИМАМ АҚҚИЯ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: БАС ИМАМ АҚҚИЯ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Аққия ауылының тұрғындарымен кездесіп «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында насихат айтты.

         Қанат Әділханұлы өз сөзінде: «Жастардың жат діни ағымдарға еріп кетуінің ең үлкен себебі – діни білімнің таяздығы, сонымен қатар, қатігезденіп бара жатқан қоғамдағы рухани жұтаңдық. Адам психологиясы сол, кейбір сәттерде ақиқат іздеп, рухани байлыққа ұмтылып, өмірде болған келеңсіздіктер мен қиындықтардан құтылу үшін құдайды іздеуі мүмкін. Осы бір орайлы сәтті адастырушылар оңтайлы пайдаланып кетіп жатады. Олар адам психологиясын өте жақсы меңгерген. Яғни, эмоционалды сезімдерді қоздыра отырып, оп-оңай торына түсіріп алады.

Сырт көзге олардың айтқаны жөн, көрсеткен бағыты дұрыс көрінуі мүмкін. Ал, түбі – тұңғиық. Тіпті, адам әлгі арбаушының сөзіне күмәнданып қалса да, ашық қарсы шығып, ойын айта алмай қалып жатады. Өйткені, діни білімі болмағандықтан, өз ойынан өзі күдіктенеді. Бұған қарсы тұрудың бір амалы – жастардың рухани жан-дүниесін байыту. Бірінші кезекте салауатты өмір салтын қалыптастырып, білімге деген құштарлықтарын ояту. Иә, адамды адасудан қорғайтын жалғыз дүние – білім. Мұны дәстүрлі Ислам діні де қолдайды. Өйткені, исі мұсылман жамағатының қасиетті кітабы Құран кәрімнің Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай) түскен ең алғашқы аяты «Оқы» деумен басталады. Бұдан бөлек, «Бір әріп үйренгенге қырық түйеге жүк боларлық сауап жазылады» дегені тағы бар. Әсілінде, білім іздеп, ғылым жолына түсу, тек, діни кітаптарды кеміріп, пайғамбарлар мен сахабалар өмірін жаттап алумен ғана шектелмесе керекті. Өйткені, Адам ата (оған Алланың сәлемі болсын) он сегіз мың ғаламның құпиясына иелік еткен еді. Бұл адамзатқа Құдайдың берген үлкен нығметі. Оны игеру, іздену парыз етілген. Ал, білім қуған жастар ненің бұрыс, ненің дұрыс екенін де оңай ажырата алады. Сәйкесінше, жат ағымдағылардың жолына тосқауыл болып, алдауы мен арбауына тойтарыс бере алар еді», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: