#Тараз: "Кеңесхан қажы" мешітінде "Имани жаз - 2024" курсы басталды

#Тараз: "Кеңесхан қажы" мешітінде "Имани жаз - 2024" курсы басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы "Кеңесхан қажы" мешітінде "Имани жаз - 2024" жазғы оқушыларға арналған сауат ашу курсы басталды. 

Аталған курсқа 9-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып, Құран әліппесі, иман, әдеп, ислам тарихы, ғибадат пәндері бойынша білім алуда. Ұл балаларға мешіт имамы Мәден Мухаммеджан, қыз балаларға ҚМДБ Әйел-қыздар секторы аталған мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызының дәріс беруде. 

Алғашқы сабақта барша шәкірттерге  мешіт әдебі таныстырылды. Мешіт ішіндегі михраб, мінбер орындары көрсетіліп, толықтай аралауға мүмкіндік берілді. 

 

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: