#Байзақ: ЖЕТІМ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

#Байзақ: ЖЕТІМ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлы мен жамағатының ұйымдастыруымен  Ислам және дәстүр құңдылықтары жылы аясында «Жетім көрсең, жебей жүр!» атты қайырымдылық науқаны өтті. Қайырымдылық шарасы Тараз қаласындағы «Үміт» жетім балалар үйінде өтті.

Игі шара аясында имамдар мен жамағат жетім балалардың басынан сипап, олармен бірге ойнап, кішкентайлардың қуанышына куә болды. Ұйымдастырушылар балалар үйінің алдына үрлемелі батут құрды. Бүлдіршіндер батут үстінде асыр салып ойнай бастады.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Жетімді өз қолына алған адам, мына екеуі сияқты жәннатта жақын боламыз», - деп сұқ саусағы және ортаңғы саусағын көрсеткен. Имам Ибн Мажәһ риуаят етуінше: Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылман адамдар тұратын үйлердің ең жақсысы жетім баққан үй. Ол үйде жетімге құрмет көрсетіледі. Мұсылман адамдар тұратын үйлердің ең жаманы – жетім қиналған үй» - деген. Осы жерде жетім бағып, асырау шексіз сауап әрі құлшылық екендігін айта кеткен жөн. Жүрегі қатайған, көзіне дүние тірлігінен басқа еш нәрсе көрінбеген адамдар жетім-жесірлердің үйлеріне барса, хабар алса, жәрдем етсе, көңілдері босайды, мейірім қонады», - деді.

Шара барысында жетім балаларға тәтті сусындар, дәмді тағамдар мен ойыншықтар үлестіріліп берілді және арнайы шақыртылған аниматорлар балаларға түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырып, бүлдіршіндерді ерекше қуанышқа бөледі. Балалар үйінің басшылығы мен ұжымы мешіттен келген ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: