Аяғынан айырылған солдаттың мұсылмандар жайлы айтқаны

Аяғынан айырылған солдаттың мұсылмандар жайлы айтқаны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ирак еліндегі әскери қызметі кезінде жарылыс салдарынан аяғынан айырылған британиялық солдаттың мұсылмандарды қорғап сөйлеген сөзі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылауға түсті.

2007-жылы британ әскері сапында борышын өтеп жүрген 19 жасар Крис Херберт жарылыс кезінде оң аяғынан айрылады. Осы оқиғаны есіне ала отырып, мұсылмандардан көрген жақсылықтарын жайлы жазбасын Фейсбук желісінде 125 000 жан бөліскен көрінеді.

«Ия, мен сол күнгі жарылыстан аяғымнан айырылдым. Алайда, жапа шеккен жалғыз мен емес ем. Болашақ британ әскер болатын бір жас мұсылман шолақ қолымен қалды».

«Тікұшақпен келген мұсылман дәрігер басын тәуекелге тігіп, мені соғыс алаңынан алып шықты. Басқа бір мұсылман маған ота жасап, өмірімді алып қалды».

«Отаныма қайтуға көмектескендер де сол мұсылмандар болатын».

«Әуежайға түскен бетте мені такси болып қызмет істейтін мұсылман жігіті үйіме тегін тастады».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: