#Жуалы ауданы тағы бір мешітпен толықты

#Жуалы ауданы тағы бір мешітпен толықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жуалы өңірінде тағы бір сәулеті мен сәні келіскен мешіт ашылып, мұсылман жамағаттың қуанышына қарай пайдалануға берілді.

Қарасаз ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылының тұрғындары үшін естен кетпес шуақты күні осы Алланың үйінің ашылуына жиналған алыс жақыннан келген қонақтар мен ауыл тұрғындарының көмейінен тек жақсы тілектер төгілді.

Жуалы ауданының бас имамы Қабылбекұлы Ғалымжан қасиетті Құран аяттарын оқып, дұға жасаумен басталды.

Мешіттің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Асқат Жабағы, аудан қариялары атынан бата беруші ақсақал Аманжол Дүрәлі, Жуалы ауданының бас имамы Ғ. Қонақбаев және Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы қатысып құттықтау тілектерін жеткізді.

Жуалы ауданының бас имамы Қабылбекұлы Ғалымжан арнайы алғыс хатпен «Дүнме жүзі мұсылман жастар ассамблеясының» президенті Мұхаммед Мади мырзаға рақметін айтып табыстады.

 Мешіт құрылысына атсалысқан, демеушілік жасаған жігіттерге  алғыс хат табыс етіп, иықтарына шапан жапты. Ауыл әкімі өз тарапынан бірнеше жігіттерді алғыс хатпен марапаттады. Ауыл азаматтары мешіт құрылысына үлес қосқан Сүйеніш Сәрсенбекұлына  жылқы сыйлап мінгізді. Жиын соңында ауыл тұрғындары мен қонақтарға ас таратылды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: