Aedas халықаралық сәулет компаниясының мамандары «ақылды» қасбеті бар Al Bahar Towers атты екі зәулім ғимарат кешенін тұрғызды.
Аталмыш жоба Біріккен араб әмірлігіндегі Абу-Даби инвестициялық кеңесі тапсырысы бойынша іске асырылған.
Қос ғимарат 2012 жылы салынды. Биіктігі 145 метрді құрайтын кешен шамамен 1 000 адамға арналған.
Инновациялық бағдарламамен жабдықталған динамикалық қасбет күннің қозғалысына қарай ашылып-жабылады. Бұл ерекшелік ішке түсетін күн ыстығының мөлшерін 50%-ға төмендетеді. Бұл сәйкесінше желдеткіштерді қолдануды азайтады.
Ал ғимарат қасбетін дәстүрлі ислам сәулет өнерінің заманауи үлгісі деп бағалауға болады.