#Қордай: «Рахман» мешітінің имамы балаларға түрлі сыйлықтар таратты

#Қордай: «Рахман» мешітінің имамы балаларға түрлі сыйлықтар таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халықаралық балаларды қорғау күні - бұл баршамызға балаларымызды қорғаудың, олардың қауіпсіздікте болуының, амандығының маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Бұл күні олардың қажеттіліктеріне, құқықтары мен көңіл-күйіне ерекше назар аударылады. Балалардың қауіпсіз әрі сүйіспеншілікке толы ортада тәрбие алып, дамуына қолайлы ахуал құру үшін біз жауаптымыз.

Осыған орай «Қордай» ауданы «Рахман» мешітінің имамы Нұрмұхамед Кеулімжаев «Халықаралық балаларды қорғау» күніне орай балаларға түрлі сыйлықтар, ойыншықтар мен тәттілер таратты. Мешіт имамы көпетеген ойындар ойнатып, көңілдерін көтерді. Қуаныштарында шек болмаған жас балалар рахметтерін айтты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: