#Талас: Болашағымыз - білімді жастар

#Талас: Болашағымыз - білімді жастар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінде "Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы келіп, мешіт жамағатына “Болашағымыз - білімді жастар” атты тақырыпта уағыз-насихатын айтты.

Өз кезегінде, Асқарбек Серікұлы “Жастарымызды діни ағымдардан сақтандыру үшін, бойларында имандылық пен парасаттылықтың отын жағу үшін рухани тәрбие мен ғылымды игеру ләзім. Бүгінгі қазақтың баласы қандай - біздің болашағымыз сондай болмақ. Алла елшісі де (с.а.у) көбіне маңызды істер мен жауапкершілікті жастарға тапсырып, көрегенділік жасағандығын біз жақсы білеміз. Әрине, біз де асыл дініміз бұйырғандай амал етсек, болашағымыз жарқын болатындығы анық”,- деп сөзін аяқтады.

Сөз соңында жамағатқа сұрақ қоюға рұқсат беріліп, имамға бірер сұрақ қойылып, толыққанды жауаптарын алды.

"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: