#Жуалы: Аудандық мешітте имамдар жиналысы өтті

#Жуалы: Аудандық мешітте имамдар жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы аудандық, «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде ауыл  имамдарымен кезекті  жиналысы  болып өтті. Жиында өткен айлардағы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсаттар сараланды.

Бас қосуда Жуалы ауданының бас имамы Ғалымжан Қабылбекұлы: «Қазіргі таңда  имам өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарауы керек.»,- дей келе  «Шариғат және пәтуа» бағыты бойынша кеңінен түсіндіріп өтті.

    Жиын барысында «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат ағымдардан сақтандыру» бес бағыттарына  атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады.

Аудан бас имамы Ғалымжан Қабылбекұлы  жұмыстарды кешенді түрде жұмыла атқару керектігін атап өтті. Әрбір мешітте имам жамағаттарға уағыз-насихат   және тапсырылған бағыт бойынша іс шараларды дер кезінде орындалуын, мешіт тазалығы  т.б.  жұмыстарды атап өтті.

Жиын соңында Жуалы мешітінің имамы дұға етіп, биылғы жылдың қызметін абыройлы әрі тиянақты түрде атқарып шығуына бір Алладан жәрдем тілеп, ізгі ниетпен ақ батасын берді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: