#Шу: Соғыс ардагерлерге құрмет көрсетілді

#Шу: Соғыс ардагерлерге құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының имамдары соғыс ардаргерлеріне құрмет көрсетіп, ардагерлермен бірге естелікке гүл қою рәсіміне қатысты. Марқұмдарың рухына Құран оқып, сауабын бағыштады. Имамдар ардагерлерге сыйлықтар табыстап, үйлеріне арнайы зиярат етіп барып қайтты. 

«Біз майдан даласында болған соғыс ардагерлеріне әрдайым зор құрметпен қараймыз. Шын мәнінде әрбір ер адам үшін Отанын қорғау – қасиетті парыз, мызғымас міндет. Антына адал, сертіне берік жігіттің мәртебесі биік. Сіздердің ерліктеріңіз – ұрпақ үшін мәңгі өнеге. Отанды қорғаудың нағыз үлгісін көрсеткен өздеріңізге өмір бойы қарыздармыз. Алла Тағала сіздерге күш-қуат, мықты денсаулық нәсіп етсін. Қазақ елінің бейбітшілігі баянды болсын» деді бас имам Алмас Кенжемолдаев.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: