Қарағанды: «Әл Машани» мешітінде медиа орталық ашылды

Қарағанды: «Әл Машани» мешітінде медиа орталық ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде медиа орталық ашылды. Жаңа медиа орталықтың ашылуына Қарағанды облысының бас имамы  Естай Айтуғанұлы арнайы қатысты.

«Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының айтуынша, кешен қажетті техникамен толық жабдықталған. Сонымен қатар студия ішінде тікелей эфир ұйымдастыруға да мүмкіндік бар.
Жаңа студияның жұмысымен танысқан Бас имам өзінің ақжарма тілегін жеткізіп, қазіргі қоғамдағы ақпарат таратудың маңызына тоқталды.
«Қоғамның сұранысы, өміріміздің бір бөлшегіне айналған телевизия, онлайн хабар тарату ісінде жаңашылдыққа бет бұрып, осындай студия ашу – біздің төл телеарнамызға дем беріп, дінді таратудағы өнегелі іс. Жаңа студиядан жақсы хабарлар, сапалы уағыздар, мағыналы сұхбаттар жасалып шықсын. Істеріңізге береке тілеймін» деді Бас имам.

Айта кетейік, 30 шаршы метрді алып жатқан жаңа студияда уағыз-насихат, онлайн дәріс, Құран үйрену сабақтары және түрлі бейнероликтер дайындалады.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: