Мәскеу ұлттық үйі мұсылман халқымен тамыры астасқан тарихи жерлерді таныстыруға арналған экскурсияны қолға алды.
Алғашқы саяхат Мәскеудегі мұсылмандардың алғашқы тұрақтаған мекені – Кремль мен Қытайқала аталған жерлерде өтті. Бірнеше ғасырлар бұрын осы өңірде Шығыстың саудагер-көпестері келетін болған, деп жазады «Мәскеу-онлайн».
Тыңдаушыларға Мәскеуге келіп көпестер тоқтаған орындар көрсетілді. Экскурсия барысында өзге халықтарға тән дүниелер, олар орналасқан орындар мен ғимараттар таныстырылды.


02 Қараша 2026
21 Джумада-авваль 1448

