#Байзақ: АЙМАҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

#Байзақ: АЙМАҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

            Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы өткен жылдан бастап Байзақ ауданына қарасты мешіттерді 5 аймаққа бөліп, әр аймаққа жетекші бекіткен болатын. Аудан имамы аймақ жетекшілерінің атқарып жатқан жұмыстарын білу мақсатында және ҚМДБ-дан келген тапсырмаларды үлестіру мақсатында бес аймаққа қарасты жекекшілермен кездесіп жиналыс өткізді.

         Жиналыс барысында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Аудан бойынша сіздердің атқарып жатқан шараларыныз бойынша рейтинг енгізілді. Ендігі кезекте бес бағыт жұмысын жандандыру бойынша жұмыс атқарасыздар. Соған қарай сіздерге ай сайын атқарған шараларынызға қатысты балдық жүйе қойылатын болады. Сіздердің қызметтеріңіз халық алдында және Алла алдында жауапты міндет екенін естен шығармауымыз керек.», - деп бес бағыт бойынша және пәтуа саласы бойынша тапсырмаларды айтып өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: