#Т.РЫСҚҰЛОВ: РАНТ МҮШЕСІ ӘСКЕРИЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: РАНТ МҮШЕСІ ӘСКЕРИЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы бастап, Алматы қаласы Медеу ауданы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Серікхан Ахмадиев және Жамбыл облыстық орталық мешіттің наиб имамы Есет Таласбаевпен бірге Луговой ауылындағы әскери горнизонда «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында насихат айтты.

Ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бар және екеуінің де алатын орны қазіргі уақытта үлкен маңызға ие. Олай болатыны, ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының қайнар көзі – Ислам дінінен бастау алған. Оны бүгінде көзі қарақты жалпы халық жақсы үғынып келе жатыр. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті тұрғысынан төрімізден ойып орын алды.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: