Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұрпағымен кездесу

Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұрпағымен кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Ханифа Мәдина қаласында Мұхаммед бин Әли бин Хусейн бин Әлимен (р.а.) кездескен оқиғасы бар. Мұхаммед бин Әли Пайғамбарымыздың (ﷺ) жиен ұрпағы. Ол хазірет Әлидің (р.а.) баласы Хусейннің немересі еді. Пайғамбарымыздың (ﷺ) ұрпағы ғұламаға: «Менің атамның (ﷺ) хадистеріне қияспен қарсы шығып жүрген сенбісің?» – дейді.

Әбу Ханифа: «Ондайдан Алла сақтасын. Сіз отырыңыз, сізге атаңызға (ﷺ) болған құрмет көрсетілуі ләзім»,– деп отырғызып, өзі оның алдына шөккеге түсіп отырды. Сөйтті де мән-жайды түсіндіру үшін Мұхаммед бин Әлиге: «Ер кісі әлсіздеу ма, әлде әйел баласы ма?» – деп сұрады. Пайғамбарымыздың (ﷺ) шөбересі: «Әйел», – деді. «Әйелдің (мирастағы) үлесі қанша?» – деді. Ер кісі үлесінің жартысы, – деді.

Әбу Ханифа: «Егер мен қиясқа жүгінсем, әйелге көбірек үлес берер ем», – деді. «Намаз абзал ма, ораза ма?» – деп екінші сауалын қойды. «Намаз» деп жауап берді. Әбу Ханифа: «Егер қияспен пәтуа шығарар болсам, етеккірі келген әйелге оразаның емес, намаздың қазасын өтеуін бұйырар ем»,– деді. «Зәр ауыр нәжіс пе, әлде мәни ма (ұрық)?» – деді. «Зәр» деді. Әбу Ханифа: «Егер қияспен төрелік айтсам, мәниден кейін емес, зәр шыққаннан соң ғұсыл құйынуға бұйырар едім. Хадистен басқаны айтудан Алланың Өзі сақтасын. Мен хадистің қызметшісімін», – деп жауап береді. Пайғамбарымыздың (ﷺ) шөбере ұрпағы орнынан тұрып, ғұламаның бетінен сүйген екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: