Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабия Корольдігіне жұмыс сапары барысында Ислам ынтымақтастық ұйымы жанындағы Халықаралық ислам академиясының Бас хатшысы әрі ДИЛ Ислам фиқһ академиясының мүшесі доктор Кутб Мұстафа Саномен кездесті.
Екіжақты кездесуде болашақта түрлі бағыттар бойынша атқарылатын жобалар бойынша пікір алмасты. Доктор Кутб Мұстафа ҚМДБ-ның пәтуа, ислам құқығы бағытындағы жұмыстарын жоғары бағалады. Сондай-ақ Кутб Мұстафа мырза Наурызбай қажы Тағанұлын Фиқһ академиясының мүшесі атануымен құттықтады. Өз кезегінде Бас мүфти академия хатшысына ризашылығын білдіріп, қызметіне табыс тіледі.