Бүгін Түркия республикасы Бурса қаласындағы Имамдардың білімін жетілдіру орталығында білім алған Қазақстан имамдары елге оралды.
Имамдар екі ай бойына Бурса орталығында ислам ғылымдарына ден қойып, тәлімі терең профессорлар мен озық ойлы оқытушылардан алған білімін растайтын сертификаттарға ие болды.
Тағылымды оқу үдерісін ойдағыдай аяқтаған дін қызметкерлері қоштасу сәтінде Бурса оқытушыларына алғыс айтып, ұстаздардың иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты. Сондай-ақ, дінаралық һәм бауырластық байланысты арттырған қос тараптың дін басшыларына зор ризашылық білдірді.
Мол тәжірибе мен зор қуаныш арқалап қайтқан ел имамдарын Астана әуежайынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқу-ағарту бөлімінің басшысы Бақтыбай Бейсенбаев қарсы алды.