Құран Кәрім – иісі мұсылман қауымы үшін ең қасиетті де қадірлі кітап. Қазақ халқы ықылым заманнан осы бір Алланың кітабын қастерлеп, қадіріне жете білген. Құран – адамзатты екі өмірдің бақытына жетелейтін ең соңғы иләһи кітап. Абдулла ибн Масғуд (Алла одан разы болсын): «Кімде-кім Құранды жақсы көрсе, ол Алланы жақсы көреді. Себебі, Құран Алланың сөзі» дейді.
Осынау ұлы кітапты жаттатып, Құран қариларын тәрбиелейтін Қордай Құран қариларын даярлау орталығына тексеру коммисиясы келіп, орталықтың тынысымен танысты.
ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Тілегенұлы, PhD доктор, Нұр-Мүбарак ЕИМУ Исламтану кафедрасының аға оқытушысы Асқар Болатбекұлы, ҚР МАМ Дін істері комитетінің дінтану сараптама басқармасының басшысы Нұрғали Бердіқұлұлы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, Жамбыл облысы Дін істері басқармасының басшысы Сәкен Сәрсенбайұлы, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Карабаев арнайы келіп орталықты аралады.
Қордай ауданының бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев пен Қарилар орталығының ұстаздары, шәкірттері беріліп жатқан білім, шәкірттердің үлгерімі, ғимаратта жасалған жағдай, кітапханасы, дәріс барысы жайлы баяндады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі