Елбасы Түркия президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Түркия президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Телефонмен әңгімелесуге Түркия тарапы бастамашылық етті. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынас ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Тараптар Сириядағы дағдарыстық жағдай мен ресейлік Су-24М ұшағына қатысты оқиға жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті болған оқиғаға байланысты өкініш білдіріп, Ресей-Түркия қарым-қатынасы нашарлауына алаңдаушылығын жеткізді. Мемлекет басшысы бұл байланыстар ұзақ жылдар бойы қалыптасқандықтан, оны сақтап қалу үшін тараптар жауапкершілік танытуы қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты оқиғаның мән-жайын анықтап, қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіру үшін екіжақты комиссия құру ұсынылды.

Р.Ердоған өз кезегінде Ресей Президенті В.Путинмен таяу арада кездесуге дайын екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев жағдайды ушықтырмау үшін тараптар мүмкіндігінше барлық шараны қолданады деп үміттенетінін білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: