Құранды алғашқы бетінен ақырына дейін тапжылмай оқып шығу оңай дүние емес. Ол үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сәйкесінше, сауабы да мол. «Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады» делінген Табарани жеткізген хадисінде.
Қасиетті Құран түскен айда "Кеңесхан қажы" мешітінің Құранға түскен шәкірттері хатым оқыды. Ұстаз Зейнеп Үсенова хатым қалай оқылатынын көрсетіп, рамазаннан соң да шәкірттердің өз бетімен Құран хатымын жазауына жол көрсетті.
Қыз-келіншектер 2 парадан 15 күнде толықтай аяқтап, дұғасын жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі