Пәкістан республикасы ислам сәулет құрылысына ерекше ықылас қоюымен ерекшеленеді. Бүгінгі бөліскелі отырған жаңалығымыз өзінің тылсым тарихы мен айрықша көркімен шетелдік қонақтар мен туристерді қайран қалдырған Пәкістанның 9 мешітін қамтиды.
1. «Туба» мешіті Пәкістанның Карачи қаласында орналасқан. Оның күмбезінің көлемі (диаметрі – 72 метр) әлем мешіттерінің көшін бастап тұр.
2. «Мохаббат-Хан» – елдің ең байырғы мешіттерінің бірі. Пешавар әкімшілік провинциясында орналасқан.
3. «Бонг» мешіті Пәкістанның оңтүстігіндегі Пенджабта 20 жүз жылдықтан бері жалпы уақыты 50 жылға жуық тұрғызылған құлшылық үйі.
4. Әйгілі «Жәмия» мешіті – Лахор қаласындағы ғибадатхана.
5. «Маржан» мешіт – Лахорда орналасқан ақ мәрмардан қаланған мешіт.
6. «Уәзір хан» мешіті – Лахордағы мешіт. Шамамен 1634-1635 жылдары басталған ғибадатхана құрылысы жеті жылға жуық жүргізілген.
7. Татта аймағында орналасқан «Жахан шах» мешіті.
8. «Бадшахи» мешіті – Лахорда орналасқан Пәкістанның көлемі бойынша екінші үлкен мешіті.
9. «Фейсал» мешіті – ел астанасы Исламабадтағы ұлттық мешіт. Бұл мешіт ислам әлемінде өзінің көлемімен танымал. Жалпы аумағы 5 000 шаршы метрді қамтиды.