Рияд қаласында орналасқан Корол Фаһд ұлттық кітапханасы 2015 жылғы сәулет өнеріндегі ең көрнекті кітапханалардың қатарына енді, деп хабарлайды «Arabnews».
Аталмыш кітапхана әлемдік стандартқа толық сәйкес келеді және оның ішіндегі климат жүйесі де ауыспалы құрылғымен жабдықталған екен. Сонымен қатар, кітапхана ғимараты өте тиянақты салынған және онда электр қуат шығыны өте аз пайдаланылады.
Сондай-ақ, ғимараттың ішкі ауа температурасы ұялы телефон арқылы бақыланады. Қонақтар өздерін жайлы сезіну үшін мұнда барлық жағдай жасалған.