Ақтөбе өңіріндегі су тасқынына байланысты мешіттер жанынан арнайы имамдар мен еріктілерден топтар құрылып, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жергілікті халық атынан аймақтағы қала, аудан, ауылдарда су апатынан зардап шегіп жатқан отбасыларға жәрдем көрсетуде.
Ыстық тамақтары, ас-сулары, тұрмыстық қажетті заттар мен көрпе төсек, киімдерді апарып тапсыруда. Су апатының алдын алу үшін арнайы мөшектермен топырақтардан қоршаулар жасап жатыр. Жанашыр жамағат пен дін қызметкерлері күні-түні қызмет жасап, облыстағы барлық мешіттерде имамдар су апатына қарсы және халыққа жәрдем сұрап жамағатпен дұға жасауда.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында көптеген аймақтар су зардабын көріп жатыр. Солардың қатарында Ақтөбе қаласы, Ойыл, Мәртөк, Қобда аудандары бар.