«АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҚОҒАМЫ» МЕКЕМЕСІНЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

«АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҚОҒАМЫ» МЕКЕМЕСІНЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы өкілдігі және «әл-Фәттах» мешітінің ұйымдастыруымен «Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қоғамы» ҚБ мекемесінің қызметкерлері мен бүлдіршіндердің ата-аналарына ауызашар дастарқаны жайылды.

ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов игі шараға арнайы қатысты. Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне өкілдік атынан алғыс хаттар табыстап, сауабы мен жауапкершілігі мол қызмет жолында сәттілік тіледі. Бүлдіршіндерін өсіріп отырған ата-аналарға да демеу беріп, перзент тәрбиесі жолында оларға күш-қуат тіледі.

Рухани әсерге толы кеште талантты балалар өз өнерлерін ортаға салып, жұртты тәнті етті.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: