#Байзақ: БАЛАНЫ БЕСІККЕ БӨЛЕУ АТА САЛТЫМЫЗ

#Байзақ: БАЛАНЫ БЕСІККЕ БӨЛЕУ АТА САЛТЫМЫЗ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің әйел-қыздар секторының жетекшісі Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құңдылықтары» жылы аясында қазақтың дәстүрін насихаттау мақсатында «баланы бесікке бөлеу» шарасы өтті. Шараға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және мешіт жанынан құрылған әжелер алқасы қатысты.

Әжелер алқасы: «Баланы бесікке бөлеу – әлемнің көптеген халықтарына, соның ішінде қазақ халқына тән үрдіс. Климаттық, қоғамдық құрылысына т.б. факторларға байланысты бесіктің жасалатын материалы, пішіні, құрылысы әр түрлі болуы мүмкін. Қоғамның сипатына қатысты жағын тарқата айтқанда, көшпелі өмір салтын ұстанатын жұрттардың бесігі талдан иіліп, кішірек болса, отырықшы жұрттардың бесігінің сүйегі ауыр, көлемдірек келеді. Көшпелілердің бесігінің көлемі шағын, талдан иілген болуы оның атқа өңгеріп алып жүруге қолайлылығын қамтамасыз етеді. Бесік – қай халықтарда болмасын, киелі зат болып есептеледі. Бос құндақталған балаға қарағанда бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Қазақ халқы көшпелі тұрмыс барысында ғасырлар бойы тал бесікті пайдаланып, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп келген. Қазіргі күні де бесік қолданыста жүр. Дегенмен, қазіргі таңда қазақтың қасиетті тал бесігі көптеген әулеттерде қолданыста болғанымен, оның заманмен үйлесімсіздігі туралы өзгеше пікірлер мен кереғар көзқарастар да кездесіп қалады», - деп бесік туралы мағлұмат айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: