Рамазан айының құрметіне Меркі ауданы, Қостоған ауылы "Ботбай баба" мешітінің имамы Омаралиев Қуанышбайдың ұйытқы болуымен қайырымдылық іc-шарасы ұйымдастырылды.
Ауыл тұрғындарына азық-түлік және тұрмыс қажеттілігіне керекті заттар берілді. Көмек алған жандар осы игі іс-шараға себепкер болған ауыл имамына және ауыл кәсіпкерлеріне алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі


27 Қыркүйек 2026
14 Раби-сани 1448

