Меркі ауданы, Кеңес ауылы "Ар-Разақ" мешітінің имамы Молдашев Нұрболдың бастамасымен және ауыл жамағатының қолдауымен қайырымдылық шарасы атқарылды.
Ауыл тұрғындарының демеушілігімен ауылдағы 10 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті ұн, сұйық май, макарон, тұз, тамат, күріш, қант, шәй және тәттілер таратылды. Игі іс-шараға атсалысқан ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі



09 Маусым 2026
23 Зуль-хиджа 1447

