Мәскеу монет сарайы Габон мемлекетінің тапсырысымен екі естелік тиын басып шығарды. Бір қызығы, Орталық Африкада орналасқан Габон мемлекетінің бұл естелік тиындарында Грозный қаласындағы Ахмет қажы Қадыров атындағы «Шешенстан жүрегі» деп аталатын мешіт бейнеленген.
Тиын беттерінде мешіт күмбезі мен ішкі бейнесі бедерленген. Ал, екінші тиын бетінде Ахмет қажы Қадыровтың суреті бейнеленген.



07 Қаңтар 2026
18 Раджаб 1447

