Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Тұрлыбай ауылына барып, «Молдазым» мешітінің жамағатымен кездесіп қайтты.
Бас имам ақшам намазында «Молдазым» мешітін зиярт етіп, кітаптарын зерделеп, жамағаттардың ұсыныстарын тыңдап, ауыл ақсақалдарымен жолығып, жергілікті имам-молдалардың қал жағдайымен танысып қайтты.
Кездесу барысында бас имам мешітке жамағат тарту, мешіттің көркі жамағат турасында уағыз-насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп қайтты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



11 Тамыз 2026
26 Сафар 1448

