Негізгі бет/ЖАҢАЛЫҚТАР/Жаһан жаңалықтары/Тәрбиенің тың түрі Тәрбиенің тың түрі

Негізгі бет/ЖАҢАЛЫҚТАР/Жаһан жаңалықтары/Тәрбиенің тың түрі Тәрбиенің тың түрі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Енді жатақханада тұратын әрбір түркмен студентінде ата-анасының суреті болуы тиіс. Сондай-ақ, фото студенттің кереуетінің жоғарғы жағына ілінуі керек, деп хабарлайды Ca-news.

Осындай қаулы Түркмен мемлекеттік институты басшылығы тарапынан қабылданды.  Алайда, студенттерге мұның мәнісін түсіндірмеген. Дегенмен, бұл жастарды тәрбиелеудің тың тәсілі екеніне ешкімнің күмәні жоқ.

«Әркез ата-анамыздың суретін көрген сайын біз өзімізді дұрыс тәрбиелеуге, дұрыс жүріп-тұруға тырысамыз» дейді Экономика және шауашылық құқықы факультетінің үшінші курс студенті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркменстанда білім мекемелері мен жоғары оқу орындарында оқушылар мен студенттерге қысқа етекті және қысқа жеңді киім киюге тыйым салынып, бастарына ұл-қыздардың барлығы түркмен төбетейін кию міндеттелген еді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: