Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев өңірдегі әлеуметтік жағдайы өте төмен, мүмкіндігі шектеулі баласы бар, 12 балалы отбасыға қайырымдылық жасады. Бас имам отбасыға жаңа киім-кешек жеткізіп, зиярат етіп қайтты.
Отбасының хал-ахуалын сұрап, балаларды жаңа киімдермен қуантты. Қиын жағдайдағы ана мұндай көмекке алғысын айтып, Алладан мешітке береке тіледі.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі



16 Қараша 2026
5 Джумада-сани 1448

