#Шуда ауданаралық футбол турнирі өтті

#Шуда ауданаралық футбол турнирі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 "Дін мен дәстүр құндылығы" жылына орай Шу ауданында футбол ойынынан турнир өтті. Шараға Жамбыл облысына қарасты аудандар қатысты. Тартысты әрі қызыққа толы ойын нәтижесіне сай 1 орынды Облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті тобы жеңіп алды. Ал 2 орынды "Қордай" мешіті құрамасы иеленде, 3 орын "Меркі" мешітінің құрамасына бұйырды. 

Үздік ойыншыларға да арнайы алғыс хаттар табысталды. Жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен, кубокпен және медальдармен марапатталды. Жеңімпаздарды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев құттықтап, сый-сыяпаттарын табыстады. 

Шара соңында "Кәрібай молда" мешітінің имамы Аят Дыбысұлының мұрындық болуымен дастархан жайылып, ойынға қатысқандарға ас берілді. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: