ҚМДБ ЖАНЫНАН ЖАСТАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ ЖАНЫНАН ЖАСТАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мүфтият жанынан Жастар кеңесі құрылды.

Кеңестің алғашқы отырысына арнайы қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Жастық шақ – адам баласының қайта айналып келмейтін көктемі болса, бүгінгі жастар – ертеңгі ақыл айтар аға, ұрпақ тәрбиелейтін дана, елдің ақсақалы мен ақжаулықты анасы. Ал олар даналыққа жетуі үшін қазіргі алтын уақыты арзан нәрсемен өтіп кетпеуі тиіс.

Ел болашағы саналатын жастармен жаңаша тәсілдер арқылы жұмыс істейтін уақыт келді. Мен жыл басында дін қызметкерлеріне арнаған Бағдарлық баяндамамда өскелең ұрпақ өкілдерімен жұмысты жандандыру үшін әр саланың білікті мамандарын ортақ мақсатқа жұмылдыратын «Жастар кеңесін» құруды тапсырған болатынмын. Бірнеше жылдан бері дін мен дәстүрімізді жастар арасында дәріптеп жүрген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі секторы әртүрлі форматтағы іс-шараларды белсенді жас буынның атсалысуымен атқарып келеді. Енді кеңес құрылғаннан кейін жастармен жұмыс одан сайын дамып, жаңа бір деңгейге көтеріледі деген сенімдемін» деді.

Жастар кеңесінің алғашқы отырысына қатысқан түрлі саланың танымал өкілдері кеңес жұмысын дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар жас буын өкілдерін жат әдеттерден сақтандыру бағытындағы ойларын бөлісті.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: