#Талас: Жастар - жат ағымнан сақтан!

#Талас: Жастар - жат ағымнан сақтан!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Талас ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Аманат жастар партиясының филиалында "Жастар-жат ағымнан сақтан" атты іс-шара өтті.

Аталмыш іс-шараға Әбдірашит ата мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлы және Аудандық жастар ресурстық орталығының аға инспекторы Әсем Артыққалиқызы шақырылды. Өз кезегінде, Ахат Қайыпбергенұлы жастарымыздың жат ағымдардан сақтану үшін көкірегімізді өзіміздің дәстүрлі исламдық құндылықтармен толықтыру керектігі әрі оның маңыздылығы туралы уағыз насихатын айтты.

Әсем Артыққалиқызы жастардың діни білім алу үшін тек діни мамандарынан, мешіт қызметкерлерінен алуды айтып, тілге тиек етті. Жиын соңында, жастар көптеген діни сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: