#Мойынқұм: Жасөспірімдер арасында футбол турнирі өтті

#Мойынқұм: Жасөспірімдер арасында футбол турнирі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылдық "Орталық спорт сарайында" жасөспірімдер арасында шағын футболдан  "Ер есімі - ел есінде" атты жарыс өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - жас спортшыларды салауатты өмір салтын ұстанып жүруге баулу әрі елдің  ертеңгі ерлерін дайындап шығару болмақ. Ұялы телефонға тәуелді болған уақытта баланың ойын спорттық ойындар мен кітап оқуға үйрету қажеттің үстіндегі қажеттілік болып табылады.

Жарыс қортындысы бойынша "Мойынқұм" командасы 1-ші орын иеленсе, 2-ші болып "Бірлік" командасы танылды. 3-ші орынды "Жамбыл" командасы қанағат тұтты. Алдағы уақытта да жарыс өз жалғасын таба бермек.

 Ғабит Әлім

Мойынқұм тілшісі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: