#Талас: Арақ - барша жамандықтың бастауы

#Талас: Арақ - барша жамандықтың бастауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бүгін ауданымызда Талас аудандық Төтенше Жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Аманат партиясы мемлекеттік мекемесінде "Арақ - барлық жамандықтың бастауы" атты іс-шара өтті.

Аталмыш шараға аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары Қырықбайұлы Мадияр және аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің найб имамы Азамат Әміртайұлы, аудандық нарко-психо диспансер маманы Жаңабайқызы Толқын тартылды. Ең әуелі аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары Мадияр мырза сөз алып, ішіп алып көлік жүргізудің өзі үшін әрі қоғам үшін зардабы және оның салдарлары турасында баяндама жасады.

Аудан найб имамы Азамат Әміртайұлына өз кезегінде арақтың асыл дінімізде арам екендігін, адам баласын екі дүниеде де абыройсыз ететендігі, арақтың күллі күнә атаулының бастауы туралы кең көлемде уағыз насихатын айтты. Сөз соңында жиынға қатысушылар діни сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып жатты. Жиын соңында, төтенше жағдайлар департаменті барша жиынға қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осындай дөңгелек үстелдер ұйымдастыратындарын тілге тиек етті.

Талас аудандық "Қаратау Қажы би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: