Мұхаммед Аруси есімді Марокколық хирург мұқтаж адамдарға жасалатын жүрек отасын тегін жасауды әдетке айналдырған.
«Кейбір халықтың емделуге жағдайы жоқ. Немесе ота жасау қымбатқа түсіп жатады. Осыған байланысты мен жүрек отасын күнде жасаймын. Әрине, мен олардан ақша талап етпеймін» дейді Мұхаммед.
Ота жасату үшін ең алдымен оның денсаулығына байланысты анықтамасы немесе ота жасауға рұқсаты болу керек, дейді ақ халатты абзал жан.