#БАЙЗАҚ: АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ 99 ЕСІМІН АЙТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

#БАЙЗАҚ: АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ 99 ЕСІМІН АЙТУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас ауылдық «Ән-Нағим» мешітінің әйелдер жамағаты арасында Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан интеллектуалдық жарыс болып өтті. Айта кетейік, аталмыш сайыс Ислам күнтізбесінде «қасиетті үш ай» деп аталатын Ережеп, Шағбан және Рамазан айларының құрметіне орай ұйымдастырылып отыр.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған жарыс кіріспесінде жүргізушілер дәл осы үш айдың маңыздылығы мен қасиеті жайында, бұл айларда атқарылатын сауапты амалдар жайында мағлұмат беріп өтті. Сайысқа мешітте тәлім тәрбие алып жатқан шәкірттер қатысып, білім деңгейлерін көрсетті.

Сондай-ақ, көрермендер назарына бүгінгі жарыстың маңызын айшықтай түсетін арнайы сұрақ-жауап викторинасы ойнатылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді. Шара соңында сайысқа қатысып, жүлделі орынға ие болған қыз-келіншектер  Дилбар (1-орын), Селин (2-орын), Севдалина (3-орын) арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды.

Осы рухани шараны ұйымдастырушы Мұсабекова Айнур ұстазға мешіт жамағаты алғыстарын білдірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: