#Шу: Әжелер алқасының мүшесін қажылыққа шығарып салды

#Шу: Әжелер алқасының мүшесін қажылыққа шығарып салды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қажылық әрбір мұсылманның арманы. Қажылық кезінде төрткүл дүниенің төрт бұрышынанәр нәрседен, әр тілде сөйлейтін, мемлекет басшысынан бастап қарапайым халыққа дейін бай демей, кедей демей әр ұлт өкілінің бір жерде бас түйістіріп, қасиетті Қағбаның алдында ерекше толқып, аппақ ихрамға оранып, бір зікірді қайталап қажылықты орындауы мұсылман жұртшылығының өзара ынтымағы мен бірлігін күшійтіп, иманын нықтай түседі.

Осындай қасиетті сапарға шулық әжелер алқасының мүшесі барғалы отыр. 
Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы жамағатпен дастархан жайып, апамызды кіші кажылық сапарына шығарып салды.

Дастархан басында ұстаз жамағатқа "Ықыласты құлдардың сипаты" жөнінде уағыз айтты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: