#Байзақ: «ШОЛПАН ДӘУІТ» МЕШІТІНДЕ ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА

#Байзақ: «ШОЛПАН ДӘУІТ» МЕШІТІНДЕ ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық, «Шолпан Дәуіт» мешіті  ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес қайырымдылық шараларын жүйелі жүргізіп келеді. Қайырымдылық жасау – Алла тағаланың разылығына бөлейтін амал. Жәрдемге мұқтаж жандарға керек кезінде қол созу – сауапты іс.

«Шолпан Дәуіт» мешітінің ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж 17 отбасыға 85 мың теңгені құрайтын азық-түлік салынған пакеттер таратылды.

Көмекті алған тұрғындар Бурыл ауылының тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелері болып табылады. Мешіт қызметкерлері мешітке көмек сұрап келген әрбір тұрғынды жеке қабылдап, арнайы тізімге енгізіп, олардың тұрмыс жағдайына көз жеткізеді. Өз кезегінде бұл азаматтар да мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, жақсы ниеттерін жеткізді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: