БАС МҮФТИ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

БАС МҮФТИ ДІНИ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтиятқа қарасты оқу орындарының басшыларымен кездесті.

Атап айтқанда, жиынға еліміздегі 9 медресе-колледж бен 10 қарилар орталығының, сондай-ақ Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институтының Астана және Алматы қаласындағы ижаза беру орталықтарының директорлары қатысты.

«Өздеріңізге мәлім, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі мақсатының бірі – асыл дінімізді насихаттайтын, діни рәсімдерді шараиғат талабына сай атқаратын маман дайындау. Діни басқарма маман дайындау үшін барлық мүмкіндікті жасап келеді. Дегенмен уақыт өткен сайын қоғам дамып, талап күшейіп барады. Қай заман болмасын білімді маманға деген сұраныс болатыны белгілі. Діни басқарма замана талабынан қалмай маман дайындауға назар аударуда. Әрине қызмет барысында түрлі қиыншылықтар кездеседі. Сіздер сол қиындықтарға мойымай, еңселеріңізді түсірмей, діннің абыройын көтеру үшін барынша қызмет етіп келесіздер. Сондықтан баршаңызға риясыз алғысымды білдіремін. Алла қызметтеріңізге  разы болғай» деді Бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы діни оқу орындарының басшыларымен бірге күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылап, болашақ дін мамандарын дайындауға қатысты кеңестерін жеткізді.

Айта кетейік, соңғы 17 жыл ішінде 9 медресе-колледжді 3 539 түлек бітіріп шықты. Оның 2 677-і ер бала, 862-і қыз бала. Ал қазіргі таңда аталған медресе қабырғасында жалпы 2 599 студент білім алуда. Оның 472-сі биыл бітіреді деп жоспарлануда. 

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: