Француз мұсылмандары халал-тестер ойлап тапты

Француз мұсылмандары халал-тестер ойлап тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Capital Biotech компаниясының кәсіпкерлері Абдеррахман Чаои мен Жан Франсуа Жюльен fзық-түлік өнімінің құрамын анықтаушы жаңа құрылғы ойлап тапты.

Аталмыш аппарат өнімнің құрамындағы доңыз еті мен алкогольді заттардың бар-жоғын анықтай алады.  Құрылғы құрамындағы таяқшаны тексерілетін өнім мен жылы су құйылған стаканға салып, бірнеше минут күтесіз. Нәтижесінде таяқшада 1 жолақ сызық пайда болса, азықтың құрамы таза деген сөз. Ал екі жолақ шықса, бұл тағам халал болмағаны.

«Қазіргі қоғамда, әсіресе, Еуропада сіз еш уақытта алдыңыздағы астың құрамында не бар екенін білмейсіз. Сол себепті бізге осындай құрылғы жасау қажет болды. Жейтін тамағыңның адал екеніне сенімді болған жақсы ғой» дейді Capital Biotech өкілдері.

Енді  мұсылман кәсіпкерлер бұл аппаратты мұнан әрі жетілдіріп, сойылған малдың еті ислам шариғатына сай сойылды ма әлде тоқпен соғу секілді зиянды әдістерді пайдаланды ма, осы жағын анықтауды көздеп отыр. Француз басылымдары Capital Biotech кәсіпорнының болашағы зор екенін жарыса жазуда. Себебі, уақыт өте Еуропа кеңістігінде мұсылмандардың көбеюі халал өнімге деген сұраныстың артуына алып келмек. 

Ал Capital Biotech компаниясы тек мұсылман қауымы үшін ғана емес, жалпы халыққа қызмет етеді. Айта кетсек, таяу уақытта бұл кәсіпорын азық-түлік құрамында аллергия тудыратын заттар мен құбыр суының сапасын анықтайтын аппараттарды сатылымға шығармақ. 

ummet.kz-ақпарат

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: