ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2023: БІР ЖЫЛДА 91 БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2023: БІР ЖЫЛДА 91 БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 2023 жылы баспанаға мұқтаж 91 отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев хабарлады.

«2023 жылы еліміз бойынша 780 087 отбасыға көмек берілді. Атап айтқанда, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 27 дін қызметкеріне және 64 мұқтаж отбасыға, жалпы бір жылда 91 үйдің кілті берілді. Осыған дейін аталған жоба аясында 715 отбасы баспаналы болды. «Қайырымды жұма» акциясымен 39 455 отбасы көмек алды. Ал Құрбан айт мерекесінде «Раббың үшін құрбан шал» жобасы бойынша 115 047 отбасыға құрбандық еті таратылды. Бағдарлық баяндамадағы тапсырмаға сай Zeket HUB қойма орталығы жұмысын бастады және жылдың қорытындысы бойынша қорға қарасты QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY еріктелерінің 18 өңірлік еріктілер форумы өтті» деді Мақсатбек Мақсотұлы.

Сондай-ақ «Тайқазан» акциясы бойынша 97 888 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілсе, «Қолдан – қолға» жобасы аясында 12 736 отбасы қайырымдылық көмек алды. «Жетім көрсең жебей жүр» жобасы аясында 4 705 жетім балаға көмек берілсе, «Мектепке жол» акциясы бойынша 22 614 әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу құралдарымен көмек жасалынды. 

Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры білім жолындағы шәкірттерге, еліміздегі 9 медресе, Нұр-Мүбарак университеті мен Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институты, шетелде діни білім алып жатқан «Талаба» қауымдастығы мүшелеріне ұдайы көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ қор еріктілердің атсалысуымен елімізде және Түркия, Сирия мемлекетінде болған әртүрлі табиғи апат, оқыс оқиғалар кезінде көпшілікке жәрдем жасады.

 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: