Үндістанның мұсылман ғалымы Шейх Ахмед Абу Бакр Саудиямен бірлесе отырып алдағы уақытта ислам мәдениетін дамытуға байланысты жұмыстар бастамақ.
«Ислам мәдениетін дамыту процесі Үндістанның Калькутта қаласында жүзеге асады. Осыған байланысты онда арнайы ғимарат құрылысы басталып кетті. Аталмыш ғимаратта Ислам мәдениетін дамыту жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ, құқық пен медицина салалары да оқытылады. Мұның барлығы Үндістан тарапынан қаржыландырылмақ» деді ол.
Атап кетсек, Шейх Ахмед «Жамиямарказ» комитетінің директоры. Сонымен қатар бұл орталық филиалдары Дубай мен Жидда қалаларында да бар.