"Қаңтар оқиғасының" құрбандарына Құран бағышталды

"Қаңтар оқиғасының" құрбандарына Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қасіретті қаңтар» оқиғалары қазақ еліне сынақ болды. Әділеттің өріне, шын­дық­тың шыңына ұмтылған мұң-наласы мол қаймана халықты қалқан етіп, залым күштер зұлым ниетін іске асыруға ты­рыс­ты. Қалаларды қиратты, қарсы кездес­кен­ді жайратты, қан төкті, елді үрейге бөкті. Қазақстанымыздың бейбіт аспанын қара бұлт торлады.

Осы оқиға кезінде жазықсыз құрбан болған азаматтардың рухына арнап ҚМДБ Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде Құран оқылды.

Облыс бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған мешіт имамдары мен медресе ұстаздары қасиетті Құран сүрелерін оқып, марқұмдардың рухына Құран сауабын бағыштады. Ел амандығы, ауызбіршілігі, тәуелсіздік тұғырының биік болын тілеп, көпшілікпен дұға жасады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: