Малайзиялық әйел Жоғары соттың шешімімен 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған ИШИМ террористік ұйымына әлеуметтік желілерде қолдау білдіргені үшін осындай жаза тағайындалды.
Құзыретті орган өкілдері 55 жастағы Азизах Юсуфті ағымдағы жылдың сәуір айында тұтқындап, оның ұялы телефоны мен компьютерін тәркіледі.
Тергеу амалдары кезінде азаматшаның Facebook. Әлеуметтік желісінен 2 аккаунт адрес ашқаны анықталды. Бірін өз атымен пайдаланса, екіншісіне туған қызының атынан кірген. Facebook желісінде Азизах Юсуф террористер тобына қосылып, Сирияда соғысып жүрген баласы туралы мәлімет жариялаған. Ол сондай-ақ интернет кеңістігінде ИШИМ ұйымы туралы насихат материалдарын да таратып келген.