Түрік мектептерінде араб сыныптары ашылады

Түрік мектептерінде араб сыныптары ашылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия Білім министрлігі алдағы жылдан бастап орта мектептерге араб тілі сыныптарын енгізуді қолға алмақ. Қазіргі уақытта оқу бағдарламасын келісу және қажетті оқулықтарды баспаға әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Golosislama.com.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы түрік оқушыларына арналған мемлекеттік білім бағдарламасының шет тілдері қатарына (ағылшын, неміс, француз) араб тілі де енгізілген болатын.

Алайда, араб тіліне деген сұраныс жоспардан жоғары шығып, білім министрлігі бұл сұранысты орындауға дайын еместігін хабарлады. Сол себепті, құзыретті мекеме қазіргі уақытта 2016-2017 оқу жылында араб тілі сыныптарын ашуға дайындық жүргізуді қолға алды. Бұл Түркия елі үшін сырттан күн санап ағылған босқындар есебінен ғана емес, жаңа мұсылман өркениетінің даму орталығы саналатын Түркияға қоныс аударушы өзге де мұсылмандар қауымының көбеюімен уақыттың қойған талабы болып отыр. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: