Атырауда садақ атудан Батыс аймақтық турнирі өтті

Атырауда садақ атудан Батыс аймақтық турнирі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы өкілдігінің ұйытқы болуымен Тәуелсіздік күні және Сұлтан Бейбарыс Жамақұлының 800 жылдығына орай Дәстүрлі садақ атудан ересектер арасында Батыс аймақтық ашық турнирі өтті.

Аталған турнирге Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан обылыстарынан 70-ке жуық садақшылар қатысты. Іріктеуден өткен 32 садақшы 2-кезеңнің нәтижесімен екі лигаға бөлінді. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Бүгін еліміз үшін айтулы күн. Әр қазақ баласының жүрегінде Отанына деген патриоттық сезімін лаулататын күн. Осы күннің қарсаңында даңқы шартарапты шарлаған, аңыз тұлға Сұлтан Бейбарыс бабамыздың 800 жылдық мерейтойы қатар аталып өтіп жатыр. Осы айтулы күнмен құттықтаймын. Садақ тарту өнеріне машықтанған спортшыларымыз көп болсын» деген бас имам қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жоғары лига мен қосымша лига садақшылары өзара бақ сынасып, әр лига бойынша мықтыларды анықтады.

Нәтижесінде қосымша лигада жеңімпаздар анықталды:

1-орын Еркінғали Әдемі (Атырау)
2-орын Джамеков Эдгар (Құлсары)
3-орын Шабаев Серікболсын (Құлсары)

Жоғары лига бойынша жеңімпаздар:

1-орын Бауыржан Ақтай (Қызылқоға)
2-орын Сайфуллин Шарифолла (Атырау)
3-орын Марат Бексұлтан (Атырау)

Жеңімпаздарға қаржылай жүлделер мен арнайы Сұлтан Бейбарыс бабамыз бейнеленген медальдар табысталды. 

Айта кету керек, Сұлтан Бейбарыс бабамыздың 800 жылдығына арналған дәстүрлі садақ ату турнирі балалар, жастар және жасөспірімдер арасында жалғасын табады.

Еске сала кетелік, іс-шара «Бату хан» садақ ату федерациясы Атырау облыстық таеквондо федерациясы, «Ембімұнайгаз» компаниясы, «QORGAN PRO BAL QYMYZ» ЖШС қолдауымен өтті.

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: