КӨРГЕН ТҮСІН ЖОРЫТҚАН ДҰРЫС ПА?

КӨРГЕН ТҮСІН ЖОРЫТҚАН ДҰРЫС ПА?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам болғансоң түс көрмей жүру мүмкін емес. Әр түні біздер түрлі-түрлі түстер көріп жатамыз. Кейде жақсы, кейде жаман.  Көрген түсіміз көңілімізде сақталып оны қалай жорсақ екен деп бас қатыратын кездерде көп болады.

Түс көрген адам көрген түсін өзгеге айтып, оны жорытуға асықпағандығы дұрыс. Себебі  түске адам ойламаған түрлі көріністер кіре береді. Оның барлығын оңды-солды жори беру түс көрген адам мен жорушы үшінде зиянды болмақ.

Ғалымдар түсті үшке бөліп қарастырады. Бірінші, Алладан болған түс. Екінші, сағынғаннан кіретін түс. Үшінші, шәйтани түс.

 1. Алладан болған түстердің көрінісі  ұйқыдан тұрған кезде көңіліңіз қуанышқа толы  болып оянуыңыз. Жақсы түс екендігі жүрекке сезіліп адам кешке дейін жақсы көңіл күйде болады.        

Әбу Сағид әл Худриден (а.р). Ол Пайғамбардың (с.а.с): "Біреуің өзіне ұнайтын түс көрсе, ол үшін Аллаға мадақ айтып ( Көрген түсін басқаларға) айтып берсін, ал басқа өзіне ұнамайтын (түс) көрсе, ол - шайтаннан, оның жамандығынан (Алладан) пана сұрап, ешкімге айтпасын, сонда ол оған зиян келтірмейді", - деп айтқанын естіген.

2. Сағыныштан кіретін түс.

Адам күндізі немесе ұйықтар алдында бір жақынын ойлап жатса. Ол тірі немесе дүниеден озған болсын. Осындай жағдайда әлгі ойда болған кісі түсіне енеіп  жатады, бұл түс адам оянған сәтінде көңіліне  қорқынышта не  қуанышта ұялатпайды.

3. Шайтани түс.

Адам әлсіз жаратылыс болғаннан кейін көрген жаман түсінен қорқып палшы немесе тәуіпке барып жатады. Түсінде өлген жақындары кірсе мені арғы дүниеге шақырып жатыр деп шошып немесе мола аралап жүрген түстерді көргенде  менің дүниеден озатын сәтім келген екенғой деп топшалап  жатады. Түсімізде көрген жайттар өмірде қайталанып жатса онда кей түстерде мол алтынға толы қазыналарды иеленіп жатамыз осы түсіміз ақиқатқа айналса шіркін! Кейде аспанда қанат біткен құстай болып ұшып жүрген сәттердіде көріп қаламыз, өңімізде қара жерден жарты қарыста көтеріле алмайтынымыз анық. Ендеше, жақсы түс көрсек жақсылыққа жорып, жаман түс көрсек, ешкімге айтпастан Құдайдан жақсылық тілеп жүруіміз абзал.

Е.Р Асылбекұлы

Мойынқұм ауданының бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: