#Шу: Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері қаралды

#Шу: Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері қаралды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дінді өздерінің саяси мақсаттарына қолданатын экстремистік және террористік ұйымдар мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа ерекше қауіп төндіреді. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар жаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен қысым орнатуда.

Осы мақсатта ауыл имамы Теміржол полициясымен жүздесті. Шарада діни экстрремизм мен терроризм жайлы ақпарат беріп, шынайы дінге жабатын жаласы жайлы айшықтап берді. 

"Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің қорқыту, үркіту, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп" - деп атап өтті имам.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: